Adana Adıyaman Afyon Ağrı Aksaray Amasya Ankara Antalya Ardahan Artvin Aydın Balıkesir Bartın Batman Bayburt Bilecik Bingöl Bitlis Bolu Burdur Bursa Çanakkale Çankırı Çorum Denizli Diyarbakır Düzce Edirne Elazığ Erzincan Erzurum Eskişehir Gaziantep Giresun Gümüşhane Hakkari Hatay Iğdır Isparta İstanbul İzmir K.Maraş Karabük Karaman Kars Kastamonu Kayseri Kırıkkale Kırklareli Kırşehir Kilis Kocaeli Konya Kütahya Malatya Manisa Mardin Mersin Muğla Muş Nevşehir Niğde Ordu Osmaniye Rize Sakarya Samsun Siirt Sinop Sivas Şanlıurfa Şırnak Tekirdağ Tokat Trabzon Tunceli Uşak Van Yalova Yozgat Zonguldak
Malatya °C

Брюссельде ҚР мен ЕО арасындағы сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастығын одан әрі дамыту шаралары талқыланды

Брюссельде ҚР мен ЕО арасындағы сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастығын одан әрі дамыту шаралары талқыланды
REKLAM ALANI
22.10.2023
A+
A-

 

 

 

Брюссельде ҚР мен ЕО арасындағы сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастығын одан әрі дамыту шаралары талқыланды

2023 –

Соңғы жаңалықтар

 

 

Брюссель, 2023 жылғы 19 қазан – Бейсенбі күні Берлин Еуразиялық Клубының (БЕК) 38-ші отырысына қатысушылар Қазақстан мен Еуропалық Одақ арасындағы іскерлік және гуманитарлық байланыстарды одан әрі нығайтудың алғышарттары мен мүмкіндіктерін талқылады.

 

 

Бельгия астанасында «ҚР мен ЕО арасындағы Кеңейтілген әріптестік және ынтымақтастық туралы келісімді (КӘЫК) іске асыру шеңберінде бизнес пен азаматтар үшін негіздемелік жағдайларды одан әрі жетілдіру» тақырыбында іс-шара өтті. Отырысқа Қазақстан, Германия және ЕО мемлекеттік органдарының, бизнес-қауымдастықтарының, бизнес пен сарапшылық қоғамдастықтың 60-қа жуық өкілі қатысты.

 

 

Негізгі баяндамалармен ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары Роман Василенко және Даму жөніндегі бас директоратының (DG GROW) энергияны көп қажет ететін салалар, шикізат және сутегі жөніндегі директоры Йоахим Нунес Де Альмейда сөз сөйледі.

Р. Василенко Қазақстан-Еуропа сауда-экономикалық қатынастары мен инвестициялық ынтымақтастықтың қарқынды дамуын атап өтті. 2022 жылдың қорытындысы бойынша ҚР-ның ЕО елдерімен тауар айналымы 40 млрд АҚШ долларынан асты, бұл 2021 жылмен салыстырғанда 38,3%-ға артық (29 млрд доллары). Бұл ретте ЕО елдерінен түскен инвестициялар көрсеткіші 12,5 млрд долларға жетті. Сонымен қатар, Р. Василенко осы көрсеткіштерді одан әрі арттыру үшін үлкен әлеует бар екенін және ол үшін екі тараптың тиісті жағдайларды жақсарту бойынша белсенді бірлескен жұмысы қажет екенін атап өтті.

 

 

КӘЫК кооперацияның 29 басым секторын қамтиды және оны тиімді имплементациялау ҚР және ЕО халқы үшін әртүрлі салаларда айтарлықтай оң әсер етуі мүмкін. КӘЫК -те енгізілген ережелер, атап айтқанда, бизнес үшін жағдайларды жақсарту үшін берік құқықтық негізді құрайды.

Р. Василенко Қазақстан мен Еуропалық Одақ ынтымақтастықты одан әрі кеңейту үшін күшті саяси жігерлік көрсетіп отырғанын атап өтті. Келісімде бекітілген жоспарлар бизнес жағдайын жақсарту үшін берік заңнамалық негіз береді. Оның айтуынша, бизнес қауымдастығы екі жақтан да саяси деңгейде толық қолдау көрсететініне сенімді болып, нақты жобаларды жүзеге асыруға жұмыла алады. Ынтымақтастықтың жақын болашаққа арналған перспективалы бағыттарының ішінде энергетика, оның ішінде «жасыл энергетика», сирек жер металдарын және Транскаспий халықаралық көлік бағытын (орта дәліз) дамытуды қоса алғанда, көлік-логистикалық байланыстарды дамыту ерекше атап өтілді.

 

 

 

Й. Нунес де Альмейда өз сөзінде «КӘЫК келісімі біздің қарым-қатынасымызды жаңа деңгейге көтерді және ЕО мен ҚР арасындағы қарым-қатынастың маңызды кезеңі болып табылады» – деп атап өтті.

«Мен қазірдің өзінде бар және көптеген салаларда жемісті ынтымақтастық жүргізіліп жатқан нақты іс-қимыл жоспарын көргеніме өте қуаныштымын», – деп жалғастырды. Й. Нунас де Альмейданың айтуынша, «өзара жеткізуді әртараптандыру, Қазақстан сияқты елдермен стратегиялық серіктестікті дамыту бұл ЕО-ның маңызды шикізат бойынша стратегиясының негізгі тірегі».

 

 

Қатысушылар екіжақты панельдік пікірталаста өзекті мәселелердің әртүрлі аспектілерін талқылады.

«КӘЫК Қазақстан мен ЕО арасындағы экономикалық ынтымақтастықтың негізі ретінде – ынтымақтастықтың жай-күйі мен тар тұстары және одан әрі іске асырудың басымдықтары» сессиясында өзара іс-қимылдың негізгі бағыттары бойынша Келісім ережелерін іске асыру мәселелері талқыланды.

Сессияда Еуропа сыртқы іс-қимыл қызметінің (EEAS) Ресей, Шығыс әріптестік, Орталық Азия, аймақтық ынтымақтастық және ЕҚЫҰ бойынша басқарушы директорының орынбасары Люк Девинь, ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі Өнеркәсіптік саясат департаментінің директоры Лаура Садықова, Германияның Сауда-өнеркәсіп палатасының (DIHK) Шығыс Еуропа, Оңтүстік Кавказ және Орталық Азия бойынша департаментінің басшысы Андре Фритше, басқарушы Strategic Minds Company GmbH серіктесі Йоахим Ланг сөз сөйледі.

 

 

 

«Бизнес пен адамдарды жақындастыру – іскерлік және гуманитарлық байланыстар үшін негіздік жағдайларды жақсарту» тақырыбындағы екінші сессиясы екіжақты байланыстарды кеңейтудің маңызды факторлары ретінде визалық режимді жеңілдету және туризмді дамыту мәселелеріне арналды.

 

 

 

КӘЫК Қазақстан Республикасы мен Еуропалық Одақ азаматтары үшін визалық режимді жеңілдету туралы келісім бойынша келіссөздер жүргізу мүмкіндігін қарауды көздейді. Сарапшылар осы ережелерді іске асырудың мүмкін жолдарын және олардың кәсіпкерлер мен ҚР мен ЕО азаматтары арасындағы байланысты жандандыруға әсерін талқылады. Талқылауға Роман Василенко, Еуропалық Одақтың Орталық Азия бойынша Арнайы өкілі Терхи Хакала, Ішкі істер бойынша Еуропалық Комиссардың Министрлер кабинетінің мүшесі Рауль Эрнандес Сагрера, Қазақстан Республикасының Бельгиядағы Құрметті консулы Анна Сусарова және «Ғылым қоры» АҚ басқарма төрағасы Әбділда Шәменов қатысты. Сессия барысында қазақстандықтар үшін визалық режімді жеңілдету бойынша биылғы жылы ЕО мен Қазақстан арасында басталған ресми консультациялар жақын арада нақты нәтижелерге әкелуі тиіс, бұл өзара тиімді ынтымақтастықты одан әрі жан-жақты дамытуға ықпал ететіні атап өтілді.

Еуропалық Одақ астанасында БЕК-тің кезекті отырысын Қазақстан Республикасының Германиядағы және Бельгиядағы елшіліктері Германия экономикасының Шығыс комитетімен (ГЭШК) бірлесіп ұйымдастырды. Іс-шараны ГЭШК басқарушы директоры Майкл Хармс және БЕК Консультативтік кеңесінің төрағасы Петер Тильс жүргізді.

 

 

 

Берлин Еуразиялық клубы 2012 жылы Қазақстанның, Германияның және басқа да Еуропа елдерінің көрнекті саясаткерлері, сарапшылары, ғылыми және іскер топ өкілдерінің қатысуымен ашық диалог алаңы ретінде құрылған. БЕК отырыстары жылына үш рет Астана, Брюссель және Берлин қалаларында өткізіледі. Биыл клубтың веб-сайты іске қосылды www.bel-klub.net.

20 қазан 2023

 

 

 

 

Қазақстан мен Қытай арасындағы визасыз режим туралы келісімнің күшіне енуі туралы
19 қазан 2023

Астанада ҚР мен ЕО арасындағы көлік-транзиттік саласындағы ынтымақтастықты тереңдету мәселелері талқыланды
18 қазан 2023

Қазақстан Елшісі Канада Генерал-губернаторына сенім грамоталарын тапсырды
18 қазан 2023

Мысыр Елшісімен қоштасу кездесуі өтті
18 қазан 2023

Қазақстан мен Болгария екіжақты ынтымақтастықты кеңейтуді мақсат етіп отыр

ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
ҚР Парламентінің сайты
ҚР Мемлекеттік рәміздері
ҚР Президентінің жолдаулары
Қазақстан Республикасының ұлттық стандарты
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі

kaynak:https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/639606?lang=kk

 

 

 

 

REKLAM ALANI
YORUMLAR

Henüz yorum yapılmamış. İlk yorumu yukarıdaki form aracılığıyla siz yapabilirsiniz.