Adana Adıyaman Afyon Ağrı Aksaray Amasya Ankara Antalya Ardahan Artvin Aydın Balıkesir Bartın Batman Bayburt Bilecik Bingöl Bitlis Bolu Burdur Bursa Çanakkale Çankırı Çorum Denizli Diyarbakır Düzce Edirne Elazığ Erzincan Erzurum Eskişehir Gaziantep Giresun Gümüşhane Hakkari Hatay Iğdır Isparta İstanbul İzmir K.Maraş Karabük Karaman Kars Kastamonu Kayseri Kırıkkale Kırklareli Kırşehir Kilis Kocaeli Konya Kütahya Malatya Manisa Mardin Mersin Muğla Muş Nevşehir Niğde Ordu Osmaniye Rize Sakarya Samsun Siirt Sinop Sivas Şanlıurfa Şırnak Tekirdağ Tokat Trabzon Tunceli Uşak Van Yalova Yozgat Zonguldak
Malatya °C

Президент Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы Дархан Жазықбаевты қабылдады

Президент Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы Дархан Жазықбаевты қабылдады
REKLAM ALANI
03.05.2022
A+
A-

Resim

Жаңалықтар
Ақорда

Президент Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы Дархан Жазықбаевты қабылдады

2022 жылғы 03 мамыр
Кездесуде Мемлекет басшысына Агенттіктің қазіргі атқарып жатқан жұмыстары мен алдағы жоспары туралы баяндалды.

Дархан Жазықбаев мемлекеттік қызметке кіру үшін артық кедергілер мен тосқауылдарды алып тастау және одан шығу тәртібін жеңілдету, мемлекеттік қызметтің кез келген қазақстандыққа ашық болуына қатысты ұсыныстар берді. Сонымен қатар Президентке мемлекеттік аппараттың қызметін бюрократиядан арылту жұмыстары жөнінде айтты.

Агенттік төрағасы Президентке 2022-2023 жылдары «Е-қызмет» ақпараттық жүйесін жаңғырту туралы жоспарын ұсынды. Оның айтуынша, биыл сыртқы порталды құру арқылы «Е-қызмет» базасында мемлекеттік қызметке іріктеу және қабылдау процесі толық цифрландырылады. Ал 2023 жылы басқа да кадрлық үдерістер, атап айтқанда, ротация, тағылымдама, біліктілікті арттыру және басқа да қызметтер автоматтандырылады. Сонымен қатар Дархан Жазықбаев мемлекеттік қызмет көрсету сапасын жетілдіру барысына да тоқталды.

Ведомство басшысы Агенттіктің 2023 жылдан бастап мемлекеттік қызметке іріктеуді прокторинг технологиясын қолдану арқылы онлайн түрде өткізуді жоспарлап отырғанын жеткізді. Сондай-ақ Қасым-Жомарт Тоқаевтың бағынышты ұйымдарды қысқарту жөніндегі тапсырмасы бойынша «Мемлекеттік қызметтегі персоналды басқару орталығының» АҚ штаттық бірліктері мен бюджетін сақтай отырып, Мемлекеттік басқару академиясының құрамында HR-институтын құру туралы айтты.

Кездесу барысында Президент мемлекеттік қызметке іріктеу жүйесін одан әрі жетілдіру, меритократия қағидатын ілгерілету және адамға бағдарланған сервистік мемлекеттік аппарат қалыптастыру жөнінде тапсырмалар берді.

Кері қайту Кері қайту

 

kaynak:https://akorda.kz/kz/prezident-memlekettik-kyzmet-isteri-agenttiginin-toragasy-darhan-zhazykbaevty-kabyldady-344320

 

 

REKLAM ALANI
YORUMLAR

Henüz yorum yapılmamış. İlk yorumu yukarıdaki form aracılığıyla siz yapabilirsiniz.