Adana Adıyaman Afyon Ağrı Aksaray Amasya Ankara Antalya Ardahan Artvin Aydın Balıkesir Bartın Batman Bayburt Bilecik Bingöl Bitlis Bolu Burdur Bursa Çanakkale Çankırı Çorum Denizli Diyarbakır Düzce Edirne Elazığ Erzincan Erzurum Eskişehir Gaziantep Giresun Gümüşhane Hakkari Hatay Iğdır Isparta İstanbul İzmir K.Maraş Karabük Karaman Kars Kastamonu Kayseri Kırıkkale Kırklareli Kırşehir Kilis Kocaeli Konya Kütahya Malatya Manisa Mardin Mersin Muğla Muş Nevşehir Niğde Ordu Osmaniye Rize Sakarya Samsun Siirt Sinop Sivas Şanlıurfa Şırnak Tekirdağ Tokat Trabzon Tunceli Uşak Van Yalova Yozgat Zonguldak
Malatya °C

Президент Парламент Сенатының отырысына қатысты

Президент Парламент Сенатының отырысына қатысты
REKLAM ALANI
29.01.2023
A+
A-

 

 

Жаңалықтар

Астана, Қазақстан

Президент Парламент Сенатының отырысына қатысты

2023 жылғы
Мемлекет басшысы Парламент Сенаты депутаттарының алдында сөз сөйлеп, еліміз дамудың жаңа кезеңіне қадам басқанын айтты. Қасым-Жомарт Тоқаев жуырда жоғары палата депутаттарының бір бөлігі сайланғанына және өзінің Жарлығымен бірнеше сенатор тағайындалғанына тоқталды. Президенттің пайымынша, осымен Сенаттың құрамын жаңғырту үдерісі аяқталды. Сенат депутаттарының арасында әр аймақтың, соның ішінде жаңадан құрылған облыстардың өкілдері бар. Конституцияға енгізілген өзгерістерге сәйкес Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелеріне арнайы квота берілді. Осылайша, Сенат түрлі санаттағы қоғам өкілдерін барынша қамтыды.

 

– Бұл палата мемлекеттік басқару саласында айрықша рөл атқарады. Оған Конституцияға сәйкес маңызды міндеттер жүктелген. Заң шығару қызметін сапалы атқару үшін барлық жағдай жасалған. Палата өз жұмысын абыроймен атқарып келе жатыр. Сенаторлар ауқымды реформаларды жүзеге асыруға белсене атсалысты. Осы орайда баршаңызға шынайы ризашылығымды білдіремін. Жаңа депутаттар Сенаттың қызметіне тың серпін береді деп сенемін, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Мемлекет басшысы елімізде «Күшті Президент – ықпалды Парламент – есеп беретін Үкімет» қағидаты орныға түскенін айтып, бұл реформалар билік институттары жүйесінің тепе-теңдігін қалыптастыратынын айтты. Сондай-ақ елдегі саяси үдеріске азаматтардың қатысуына жол ашады, мемлекеттік басқару жүйесінің тиімділігін арттыра түседі.

 

Қасым-Жомарт Тоқаев басты мақсатымыздың бірі – қоғамда өркениетті саяси дәстүрді орнықтыру екенін еске салып, ол үшін жоғары саяси жауапкершілік мәдениетін қалыптастыру қажеттігін атап өтті. Ал жақында ғана басталған Мәжіліс пен мәслихаттарға сайлау науқаны негізгі мемлекеттік институттарды кешенді түрде жаңғыртудың соңғы сатысы екенін жеткізді.

– Барлық әлеуметтік топтың мүддесін қорғау тұрғысынан алғанда Мәжіліс пен мәслихаттардың аралас моделін қалыптастыруға көшудің мәні зор. Бұл өзгеріс өкілді билік тармақтарының барлық деңгейіне айтарлықтай ықпал етеді. Соңғы жылдары жүргізілген саяси өзгерістер, сайлау заңнамасын мақсатты түрде либералдандыру Қазақстанда партия құру ісіне тың серпін берді. Ұзақ уақыттан бері елімізде алғаш рет жаңа партиялар ресми түрде тіркелді. Аталған деректі аралық қорытынды ретінде атап өтуге болады. Бұл – алға қарай жасалған маңызды қадам. Саяси жүйені орнықты дамыту ісінде партиялар маңызды рөл атқарады. Осы орайда елімізге жауапкершілігі жоғары партиялар қажет. Олар халықтың мүддесін тиімді қорғай білуге тиіс, – деді Мемлекет басшысы.

 

Президент саясаткерлердің жаңа буынын қалыптастырып, оларды елге таныту аса маңызды іс екенін айтты. Оның пікірінше, еліміздегі партиялардың көпшілігі мемлекетшілдік ұстаным бар және алдағы сайлауда партиялардың бәріне бірдей мүмкіндік беріледі.

– Әкімдер қандай да бір саяси ұйымға жетекшілік ете алмайды. Ата заңға енгізілген өзгеріске сәйкес Президент барлық саяси күштен тысқары тұруға тиіс. Мәжіліс пен мәслихат сайлауы жаңа әрі әділ ереже бойынша өтеді. Алдағы сайлауды Қазақстан парламентаризмі тарихындағы жаңа кезеңнің бастауы деуге болады. Қоғамның түрлі өкілдерінің мүддесін партиялар арқылы қорғау мүмкіндігі артады. Мұның бәрі саяси жүйенің орнықты және тиімді болуын қамтамасыз етеді, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

 

Қасым-Жомарт Тоқаев «Әртүрлі көзқарас, біртұтас ұлт» қағидаты мызғымайтынын атап өтіп, сынның негізсіз болмауы тиіс екенін және оның нақты фактілерге сүйенуі қажеттігін айтты.

– Елімізде саяси радикализм мен экстремизмнің кез келген түріне орын жоқ. Демократия – бұл, ең алдымен, өз сөзің мен ісіңе жауапкершілікпен қарау. Бәріміз бір шаңырақ астында өмір сүріп жатырмыз. Сондықтан әрбір азамат, кез келген қоғам қайраткері, барша саяси күш ел болашағы үшін өзінің тікелей жауапкершілігін сезінуі қажет. Барлық отандасыма айтарым: әлемде бұрын-соңды болмаған күрделі геосаяси ахуал кезінде еліміздің тыныштығы мен ырыс-берекесін сақтау тек өзімізге, бірлігіміз бен ынтымағымызға байланысты. Тәуелсіздігімізді сақтау және нығайту аса маңызды екенін тағы да еске саламын. Бұл – халқымыздың басты құндылығы. Біз конструктивті реформа бағытымен алға қарай нық қадам басып, мемлекеттілігімізді нығайтып, қоғамды біріктіру үшін қолдан келгеннің бәрін жасауымыз керек. Саяси жауапкершіліктің биік мәдениеті мен азаматтарымыздың шынайы патриотизмі мұның кепілі бола алады. Әрқайсымыз өзара тілеулестік қағидатынан айнымауымыз керек. Сонда ғана тең мүмкіндіктер мен дамуды ту еткен Әділетті Қазақстанды құрамыз, – деді Мемлекет басшысы.

 

Мемлекет басшысы сайлаудың елді бөлетін емес, біріктіретін науқан болуы керек екенін атап өтіп, үміткерлерді қоғамға іріткі салатын әрекеттен аулақ болуға шақырды.

– Аңдамай айтылған артық сөз немесе ойланбай жасалған оқыс қадам бүкіл елдің болашағына кесірін тигізуі мүмкін. Әрбір отандасымыз осыны дұрыс түсінуге тиіс. Плюрализм мемлекетті эволюциялық жолмен дамытуға мүмкіндік береді. Бізде саяси көзқарасы әртүрлі партиялар бар. Кандидаттардың түрлі мәселе бойынша ұстанымдарының бірдей болмауы да заңды құбылыс. Бірақ көзқарастары мүлде қабыспайтын ымырасыз қарсыластардың өзіне ортақ құндылықтар бар. Ол – біздің қасиетті Отанымыз және қастерлі тәуелсіздігіміз. Мен бұл туралы «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» атты мақаламда айттым. Өйткені тәуелсіздік үшін күрес күнделікті еңбекпен және елдік саясатпен тығыз байланысып жатыр. Болашақтың алдында бәріміз бірдей жауап береміз. Кейінгі ұрпақ кімнің саяси ұстанымы қандай болғанына мән береді. Аға буынның оларға қандай мемлекетті мирас еткеніне қарап, бүгінгі күнін бағалайтын болады. Сондықтан біз ортақ мақсат жолында бірігуіміз керек. Кез-келген саяси мүддеге қарағанда мемлекетшілдік қасиет әлдеқайда биік тұруға тиіс, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

 

Президенттің пікірінше, қоғамға, ең алдымен, әрбір сөзіне және ісіне жауапкершілікпен қарайтын саясаткерлер қажет. Сонда азаматтардың елдік саясатқа деген сенімі артады. Ал сенім – аса маңызды құндылық.

 

Қасым-Жомарт Тоқаев қиындықтың бәрін ел бірлігінің арқасында жеңіп келе жатқанымызға тоқталып, бір-бірімізге қамқор, жанашыр болып, жақсылыққа ұмтылуға шақырды.

– Қоғамдық келісімді сақтау мемлекеттік органдардың ғана міндеті емес. Бұл – еліміздің әрбір азаматының перзенттік парызы. Біз не істесек те, ел мүддесі үшін жасаймыз. Мақсатымыз – Қазақстанды тұғыры берік, экономикасы қуатты, рухы асқақ, бірлігі бекем мемлекет ретінде ұрпаққа табыстау. Осы тарихи міндетті бәріміз бірге абыроймен атқарып шығамыз деп сенемін, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

 

Мемлекет басшысы Парламент Сенатының Төрағасы лауазымына Мәулен Әшімбаевтың кандидатурасын ұсынды.

– Өздеріңіз білесіздер, менің Жарлығыммен Мәулен Сағатханұлы Әшімбаев Сенат депутаты болып тағайындалды. Конституцияның 58-бабының 1-тармағына сәйкес Сенат Төрағасы лауазымына Мәулен Сағатханұлы Әшімбаевтың кандидатурасын ұсынамын. Ол бұған дейін осы міндетті абыроймен атқарды. Заң шығару жұмысын жақсы біледі. Мемлекеттік қызметтегі тәжірибесі мол. Сондықтан оны Сенат Төрағалығына лайық деп санаймын. Сенаттың қызметі табысты болсын, – деді Президент.

Жасырын дауыс беру нәтижесінде Мәулен Әшімбаев Парламент Сенатының Төрағасы болып сайланды.

 

Кері қайту Кері қайтуTwitter Facebook Басып шығару
Заңдар
2023 жылғы 2

Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қытай Халық Республикасының Үкіметі арасындағы азаматтық әуе кемелерін авиациялық іздестіру және құтқару саласындағы ынтымақтастық туралы келісімді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды

Президент Еуразиялық даму банкінің басқарма төрағасы Николай Подгузовты қабылдады
2023 жылғы 26 қаңтар

Президент Еуразиялық даму банкінің басқарма төрағасы Николай Подгузовты қабылдады
Жарлық
2023 жылғы 24 қаңтар

Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттарын тағайындау туралы

Tokaev
Қазақстан Республикасы Президентінің
Виртуалды қабылдау бөлмесі

kaynak:https://akorda.kz/kz/prezident-parlament-senatynyn-otyrysyna-katysty-260232

 

 

 

REKLAM ALANI
YORUMLAR

Henüz yorum yapılmamış. İlk yorumu yukarıdaki form aracılığıyla siz yapabilirsiniz.