Adana Adıyaman Afyon Ağrı Aksaray Amasya Ankara Antalya Ardahan Artvin Aydın Balıkesir Bartın Batman Bayburt Bilecik Bingöl Bitlis Bolu Burdur Bursa Çanakkale Çankırı Çorum Denizli Diyarbakır Düzce Edirne Elazığ Erzincan Erzurum Eskişehir Gaziantep Giresun Gümüşhane Hakkari Hatay Iğdır Isparta İstanbul İzmir K.Maraş Karabük Karaman Kars Kastamonu Kayseri Kırıkkale Kırklareli Kırşehir Kilis Kocaeli Konya Kütahya Malatya Manisa Mardin Mersin Muğla Muş Nevşehir Niğde Ordu Osmaniye Rize Sakarya Samsun Siirt Sinop Sivas Şanlıurfa Şırnak Tekirdağ Tokat Trabzon Tunceli Uşak Van Yalova Yozgat Zonguldak
Malatya °C

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ҚХР Мемлекеттік кеңесінің мүшесі, Сыртқы істер министрін қабылдады

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ҚХР Мемлекеттік кеңесінің мүшесі, Сыртқы істер министрін қабылдады
REKLAM ALANI
08.06.2022
A+
A-

 

 

 

 

Жаңалықтар

Ақорда

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ҚХР Мемлекеттік кеңесінің мүшесі, Сыртқы істер министрін қабылдады

2022 жылғы

Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанға ресми сапармен келген Қытай Халық Республикасы Мемлекеттік кеңесінің мүшесі, Сыртқы істер министрі Ван Иді қабылдады.

Кездесу барысында Қазақстан мен Қытай арасындағы ұзақмерзімді, жан-жақты стратегиялық серіктестіктің қазіргі ахуалы мен перспективалары, сондай-ақ халықаралық және аймақтық ұйымдар аясындағы ынтымақтастық мәселелері талқыланды.

Мемлекет басшысы 30 жыл ішіндегі стратегиялық серіктестіктің деңгейіне жоғары баға беріп, Қазақстан мен Қытайдың өзара екіжақты кешенді байланыстарын нығайта беруге бейілді екенін айтты.

Мемлекет басшысы ҚХР Төрағасы Си Цзиньпиннің алдағы күзде елімізге жоспарланған мемлекеттік сапары екіжақты қатынастарды дамытуға тың серпін береді деп үміттенетінін жеткізді.

– Биыл – өте маңызды жыл. Қазақстан мен Қытай арасындағы дипломатиялық қатынастардың орнағанына 30 жыл толды. Қытайда коммунистік партияның ХХ съезін өткізу жоспарланған. Алдағы жоғары деңгейдегі келіссөздер біздің стратегиялық серіктестігіміздің жылнамасына ерекше оқиға ретінде жазылады, – деді Президент.

Сонымен қатар кездесуде Қасым-Жомарт Тоқаев қытайлық әріптесіне жүрекжарды сәлемін жолдады және ҚХР-дың төрағалығымен өтетін жоғары деңгейдегі «БРИКС плюс» онлайн-диалогына қатысуға шақырғаны үшін ризашылығын білдірді. Онлайн-диалог жаңа дәуірде даму үшін жаһандық серіктестік орнату тақырыбына арналған.

Қасым-Жомарт Тоқаев ҚХР Төрағасының жаһандық қауіпсіздік және даму саласындағы бастамасына қолдау білдіретінін айтты. Оның толыққанды жүзеге асырылуы әлемдік деңгейдегі қауіпсіздік пен сенімге жетпей тұрған олқылықтардың орнын толтыруға мүмкіндік береді, сондай-ақ БҰҰ-ның 2030 жылға дейінгі орнықты даму саласындағы Мақсаттарын жүзеге асыруға ықпал етеді.

Ван И Қасым-Жомарт Тоқаевқа Си Цзиньпиннің сәлемі мен еліміздегі жалпыұлттық референдумның табысты өтуіне байланысты құттықтауын жеткізді.

– Референдум нәтижелері мемлекетті жан-жақты жаңғырту үшін Сіздің басшылығыңызбен қабылданып жатқан шараларды ел азаматтарының барынша қолдайтынын көрсетеді. Мұның жаңа Қазақстанды құру үшін зор мәні бар, сондай-ақ елдің келешек дамуының берік негізін қалыптастырады, – деді Қытай Мемлекеттік кеңесінің мүшесі.

Қытай министрі екі ел көшбасшыларының дана басшылығының арқасында ҚХР мен Қазақстанның екіжақты қарым-қатынастары үлкен өмірлік күшке ие болатынын атап өтті.

– Төраға Си Цзиньпин Сізбен арадағы жеке достықты және өзара сенімді жоғары бағалайды. Жаңа Қазақстан құру жөніндегі бастамаңыз Сіздің даналығыңыз бен батылдығыңызды көрсетеді. Біз Сіздің бастамаларыңыздың сәтті жүзеге асырылуын толыққанды қолдаймыз, – деді Ван И.

Кездесу барысында Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ван И аймақтық және жаһандық күн тәртібінің өзекті мәселелері жөнінде пікір алмасты. Олар халықаралық аренадағы, соның ішінде Біріккен Ұлттар Ұйымы, Шанхай ынтымақтастық ұйымы және Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңес, Ислам ынтымақтастығы ұйымы аясындағы ықпалдастықты жалғастыра беруге ниетті екенін айтты.

 

Кері қайту Кері қайту

kaynak:https://www.akorda.kz/kz/prezident-kasym-zhomart-tokaev-khr-memlekettik-kenesinin-mushesi-syrtky-ister-ministrin-kabyldady-752335

 

 

REKLAM ALANI
YORUMLAR

Henüz yorum yapılmamış. İlk yorumu yukarıdaki form aracılığıyla siz yapabilirsiniz.