Adana Adıyaman Afyon Ağrı Aksaray Amasya Ankara Antalya Ardahan Artvin Aydın Balıkesir Bartın Batman Bayburt Bilecik Bingöl Bitlis Bolu Burdur Bursa Çanakkale Çankırı Çorum Denizli Diyarbakır Düzce Edirne Elazığ Erzincan Erzurum Eskişehir Gaziantep Giresun Gümüşhane Hakkari Hatay Iğdır Isparta İstanbul İzmir K.Maraş Karabük Karaman Kars Kastamonu Kayseri Kırıkkale Kırklareli Kırşehir Kilis Kocaeli Konya Kütahya Malatya Manisa Mardin Mersin Muğla Muş Nevşehir Niğde Ordu Osmaniye Rize Sakarya Samsun Siirt Sinop Sivas Şanlıurfa Şırnak Tekirdağ Tokat Trabzon Tunceli Uşak Van Yalova Yozgat Zonguldak
Malatya °C

Мемлекет басшысы Ресей газын Қазақстан аумағы арқылы Өзбекстанға тасымалдау жобасын іске қосу рәсіміне қатысты

Мемлекет басшысы Ресей газын Қазақстан аумағы арқылы Өзбекстанға тасымалдау жобасын іске қосу рәсіміне қатысты
REKLAM ALANI
08.10.2023
A+
A-

 

 

 

 

 

Жаңалықтар

Халықаралық қоғамдастық

Мемлекет басшысы Ресей газын Қазақстан аумағы арқылы Өзбекстанға тасымалдау жобасын іске қосу рәсіміне қатысты

2023 жылғы

Ресей Федерациясы, Мәскеу қаласы

 

 

 

 

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ресей Федерациясына жұмыс сапары аясында «Орта Азия – Орталық» магистральді газ құбырымен Ресейдің табиғи газын Қазақстан аумағы арқылы Өзбекстанға тасымалдау жобасын іске қосу рәсімі өтті.

Салтанатты шараға Мемлекет басшысымен қатар Ресей Президенті Владимир Путин және Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёев қатысты.

Қасым-Жомарт Тоқаев өз сөзінде бұл тарихи оқиға Қазақстан, Ресей және Өзбекстанның энергетика саласындағы стратегиялық ынтымақтастығын мүлде жаңа деңгейге көтеретінін және елдер арасындағы тату көршілік қатынастар жылнамасының тағы бір жарқын бетін ашатынын атап өтті.

 

 

 

– Газ саласы мемлекеттеріміздің тұрақты әлеуметтік-экономикалық дамуында зор рөл атқарады деуге болады. Сондықтан бұл жоба барлық қатысушы тараптың мүддесіне сай келеді. Қазақстан өз аумағында магистральді газ құбырын дайындауды уақтылы және толық аяқтады. Жоба Ресей газының экспортқа шығу бағыттарын әртараптандырып, Қазақстанның газ тасымалдау инфрақұрылымын кеңейтуге және жаңғыртуға септігін тигізеді. Сондай-ақ Өзбекстанның жылына 3 миллиард текше метрге дейін жететін және жылдан-жылға артып келе жатқан табиғи газға деген қажеттілігін өтеуге мүмкіндік береді. Сонымен қатар ол елдеріміздің өнеркәсібін дамытуға, бизнес-ахуалды жақсартуға, азаматтардың тұрмыс деңгейін арттыруға тың серпін береді, – деді Қазақстан Президенті.

 

 

 

Мемлекет басшысының пікірінше, жоба Орталық Азия аймағындағы тұрақтылық пен энергетикалық қауіпсіздікті нығайту ісінде елеулі рөл атқарады.

– Жылына 255 миллиард текше метрге дейін газ тасымалдай алатын магистральді газ құбырының 20 мың шақырымнан астам бөлігі еліміздің аумағы арқылы өтеді. Қазақстан өзінің транзиттік әлеуетін толық пайдалануға мүдделі және Ресей газын тасымалдау көлемін одан әрі ұлғайтуға дайын, – деді Президент.

 

 

 

 

Қасым-Жомарт Тоқаев сөзінің соңында маңызды трансұлттық жобаны ілгерілетуге қосқан жеке үлесі үшін Владимир Путинге, сондай-ақ жан-жақты қолдау көрсеткен Шавкат Мирзиёевке ризашылығын білдірді. Мемлекет басшысы Қазақстан, Ресей және Өзбекстанның газ саласындағы мамандарының бірлескен жұмысты кәсіби деңгейде әрі аса зор жауапкершілікпен атқарғанын атап өтті.

 

 

 

 

Сонымен қатар шарада Владимир Путин мен Шавкат Мирзиёев сөз сөйледі.

Телекөпір барысында Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев Атырау облысындағы «Мақат» компрессор станциясынан байланысқа шығып, «Орта Азия – Орталық» магистральді газ құбырының қазақстандық бөлігі дайын екенін баяндады. Өзбекстандағы «Қарақалпақия» газ өлшеу станциясынан, Саратов облысындағы «Александров Гай» компрессор станциясы мен Санкт-Петербургтегі Лахта-Центрден өзбекстандық және ресейлік газ саласының мамандары бір мезгілде онлайн байланысқа шығып, дайындық жұмыстарының аяқталғаны жөнінде хабарлады.

Содан кейін үш елдің басшылары Ресей газын Қазақстан аумағы арқылы Өзбекстанға тасымалдау жобасын іске қосуға рұқсат берді.

 

 

 

 

 

 

Кері қайту Кері қайту

kaynak:https://www.akorda.kz/kz/memleket-basshysy-resey-gazyn-kazakstan-aumagy-arkyly-ozbekstanga-tasymaldau-zhobasyn-iske-kosu-rasimine-katysty-79747

 

 

 

 

REKLAM ALANI
YORUMLAR

Henüz yorum yapılmamış. İlk yorumu yukarıdaki form aracılığıyla siz yapabilirsiniz.